Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына барды. Минскіде Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті және ресми сапар аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт пен 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасын бекіткен болатын. Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтіп, оған екі мемлекеттен 350-ге жуық бизнес өкілі қатысты.
Екі күнге жоспарланған сапар аясында Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысады.